Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделеді
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы қарсаңында премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кездесу барысында тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуға тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.
Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделуі керек, — деді премьер-министр.
Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.