Жеңіл атлет Кристина Овчинникова халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Дастан Жұмабекұлы

Спортшы 1 метр 90 сантиметр биіктікке секірді

фото: ашық дереккөз

Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өткен World Athletics Indoor Tour – Silver турнирінде жеңімпаз атанды.

Ол биікке секіруден алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшы 1 метр 90 сантиметр биіктікке секірді.

Екінші орынды украиналық Юлия Чумаченко (187 см), үшінші орынды чех Микаэла Хруба (187 см) иеленді.