Шара 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады
Елімізде он мыңыншы адам өз көлігін заңдастырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Көкшетау қаласының тұрғыны, 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ол өзінің көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.
Айта кетсек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру тәсілдері:
Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуге тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуге тиіс.