×

Алматыдағы қайғылы жағдай: көршілері не болғанын айтып берді

Көршілердің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажырасу үстінде болған

 Халық үні 01.02.2023 | 20:47
Фото: astanatv.kz

Алматы қаласында ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп, артынан өзіне қол салған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Көршілердің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажырасу үстінде болған. Олар қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болды дейді. Қылмыс болған үйде ерлі зайыптылармен бірге ұлы мен келіні тұратын көрінеді. Бірінші болып ата-анасының мәйітін жұмыстан оралған ұлы көрген.

«Қылмыс ер азаматтың қызғанышынан болды, күйеуі әйелін өлтірді. Мәйіттерді кешкі 19:20 шамасында анықтадық. Ұлы жұмыстан келіп, маған бірден қоңырау шалды. Полиция кешкі 7 жарымнан таңғы 5-ке дейін болды», -дейді ерлі-зайыптылардың көршісі.

Жантүршігерлік оқиғаның мән жайын полиция департаменті анықтап жатыр.

«Аталмыш дерек Наурызбай ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді», -дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама