×

Биыл 3 мұнай өңдеу зауыты жөнделеді

2023 жылы 9 млн тонна жанар-жағармай өндіріледі

 Дәурен Ерболат 01.02.2023 | 17:50
Фото: inbusiness.kz

Биыл Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өтеді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Былтыр елімізде 2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшері өндірілген. Оған қол жеткізу үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеу 2023 жылға ауыстырылған.

Сондықтан биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанып отыр, - деді Болат Ақшолақов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министр биыл Шымкент МӨЗ-ін кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау басталатынын атап өтті.

«2023 жылға министрліктің негізгі міндеті – ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету. Экономиканың сапалы жанар-жағармайға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін биыл өндірісті жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, болашақта жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама