Бір жылда халық саны 267 мыңға өскен
Елімізде 19 млн 765 мыңнан аса қазақстандық тұрып жатыр, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адам болды.
Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам. Табиғи өсім – 268 791 адам, көші-қон сальдосы – минус 6 946, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр Қазақстанда 333 мыңнан аса сәби дүниеге келген.