×

Қазақстан халқы 19 млн 765 мыңнан асты

Бір жылда халық саны 267 мыңға өскен

 Дәурен Ерболат 01.02.2023 | 17:23
Фото: aa.com.tr

Елімізде 19 млн 765 мыңнан аса қазақстандық тұрып жатыр, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адам болды.

Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам. Табиғи өсім – 268 791 адам, көші-қон сальдосы – минус 6 946, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда 333 мыңнан аса сәби дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама