Halyq Uni логотип
×

Олимпиада «алтынынан» айырылған Нижат Рахимов CAS шешіміне апелляция бермек

Спорт арбитраж соты қазақстандық спортшыны допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті

 Ербол Тұрымбет 24.03.2022 | 10:49
Олимпиада «алтынынан» айырылған Нижат Рахимов CAS шешіміне апелляция бермек
Нижат Рахимов, ауыр атлет

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов Рио олимпиадасында еншілеген алтын медалінен айырылды. Спорт арбитраж соты (CAS) оны допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті.

2021 жылғы қаңтарда Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі спортшыға допинг қолданды деп айып тағып, уақытша жарысқа қатысуына тыйым салған. Рахимов мұнымен келіспей, арбитраж сотының допингке қарсы бөлімшесіне жүгінген. Сот оны 4 зәр үлгісін ауыстырды деп таныды. Бұл – IWF антидопинг ережелерін өрескел бұзу болып саналады.

Салдарынан спортшының 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі жарыстарда жеткен барлық көрсеткіші жойылды. Нижат Рахимов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы олимпиадада жеңіп алған алтын медалінен айырылды. Аталған медаль қытайлық ауыр атлет Люй Сяоцзюнге беріледі.

Алайда, қазақстандық спортшы CAS шешімімен келіспейтінін айтып отыр.

«Былтыр тамызда арбитраж сотының допингке қарсы бөлімшесіне берген өтінішімнің қабылданбағаны өкінішті. Сынама үлгілерін алған және жалпы осы процеске жауапты адамдардың әрекеттеріне баға берілген жоқ. Басы ашық сұрақтарға жауап берілмеді. Сондықтан мен бұл шешіммен мүлде келіспеймін», - деп жазды спортшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама