×

Президент SCAT әуе компаниясының президентін қабылдады

Тоқаев компанияның қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады

 Динара Амантай 01.02.2023 | 16:31
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары баяндалды. Сондай-ақ 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Владимир Денисов президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама