×

АЭС-тің қайда салынатыны қоғамдық талқыға салынады – Ақшолақов

Атом стансасын Алматы облысы Жамбыл ауданына салу ұсынылған

 Айнұр Шошаева 01.02.2023 | 15:54
Фото: primeminister.kz

Қазақстан билігі биыл АЭС-тің реакторлық технологиялын таңдайтын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Энергетика министрлігінің алқа отырысында Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni

Оның айтуынша, 2009 жылдан бастап Қазақстанда өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленіп келеді. 

«2022 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі бойынша 21,3 мың тоннаны құрады. Тұрақсыз геосаяси жағдайды ескере отырып, 2023 жылы уран өнімдерін тасымалдау бағыттарын әртараптандыру мәселесі пысықталатын болады. маңызды мәселенің бірі өндірілетін өнімді қайта бөлуді арттыру болып табылады. Сондықтан өткен жылы желтоқсанда Қытайға жылу бөлгіш құрастырмалардың бірінші партиясы жеткізілді, олар АЭС жұмысына арналған», – деді ол. 

Сонымен бірге, сала басшысы елімізде АЭС салу мәлесіне қатысты жоспарларымен бөлісті. 

«2022 жылы Қытай, Ресей, Корея, Франция сияқты елдерден жеткізішулердің тексерілген реакторлық технологияларының қысқа тізімі жасалды. Биыл реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС орналастыру аумағын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатын болады», – деп қосты Болат Ақшолақов.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетовтің сөзінше, ұлттық ядролық инфрақұрылымды дамыту саласында қол жекізілген прогресс дәрежесін ағалау үшін МАГАТЭ миссиясының Қазақстанға сапары жоспарланған. Сондай-ақ АЭС-ті орналастыру аумағы бойынша жария талқылау ақпан айында өтетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама