Halyq Uni логотип
×

Шымкентте студент бірден 3-курсқа өтемін деп алаяққа жем болды

Күдікті кінәсін мойындады

 Дәурен Ерболат 01.02.2023 | 13:45
Шымкентте студент бірден 3-курсқа өтемін деп алаяққа жем болды
Фото: Halyq Uni

Шымкентте студент бірден 3-курсқа өтемін деп қомақты қаражатынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, танысы Шымкенттегі университеттердің біріне бірден 3-курсқа түсіріп беремін деп алдын ала 900 мың теңге алған. Алайда ол уәдесін орындамаған, ақшаны да кері қайтармаған.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жедел-тергеу тобы шұғыл іздестіруді жүргізді.

Нәтижесінде қылмысқа Түркістан облысы Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғынының қатысы бары анықталды. Оның да студент екені белгілі болды. Қыз жәбірленушімен бір жоғарғы оқу орнында оқыған. Бүгінде күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Ол мұндай әрекетке ақшаның жетіспеуінен барғанын, ісіне өкінетінін айтты, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама