Ол компаниядағы газ жобаларына жауап береді
Бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар министр Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол газ жобаларының дамуына жетекшілік етеді, - деп жазылған «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген.
1995 жылы Шахмардан Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультетінен білім алған.
1995-1997 жылдары – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист;
1997 жылдары – Ақтау қаласындағы салық бөлімінің инспекторы;
1997-1998 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалында 8-разрядты инженер;
1998-2006 жылдары – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері;
2007-2014 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды.
2015-2020 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды.
2020 жылғы 5 наурыздан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;
2021 жылғы 10 қыркүйектен 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
2023 жылғы 1 ақпаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.