Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Шымкентте тұрғын үйдің балконы опырылып түсті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Басқарма мәліметінше, оқыс оқиға кеше Әл-Фараби ауданының Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан үш қабатты үйде болған. Түсте үшінші қабаттағы балкон тұтастай құлаған.
Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімдігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті.
Құтқарушылар оқиға орнында шатырдағы қарлар мен мұздарды түсіру жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - деп жазылған хабарламада.