РФ СІМ Қазақстанды «екінші Украина жасау» ықтималдылығы туралы сұраққа жауап берді
РФ мен Қазақстан достық пен сенімнен тұратын көп жылдық тарих байланыстыратын жақын көршілес мемлекеттер
РФ мен Қазақстан достық пен сенімнен тұратын көп жылдық тарих байланыстыратын жақын көршілес мемлекеттер. Ресей СІМ Қазақстанда «екінші Украинаны жасау» ықтималдылығы жайлы қойылған сұраққа осылай@ деп жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы дүйсенбіде РФ Сыртқы істер министрлігінің Ресей дипломатиясының 2022 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатына БАҚ-тардан келіп түскен сұрақтарға берілген жауапта айтылған.
«Ресей-Қазақстан одақтастығының одан әрі дамуына мүдделі емес қарсыластардың барлық айла-шарғыларды қолданып жатқанына қарамастан, біз серіктестерімізбен екіжақты өзара іс-қимылды нығайту бойынша жұмысты жалғастырып жатқанымызды тағы да атап өткім келеді. Достас Қазақстанмен арадағы қарым-қатынаста, өздерін «өркениетті батыс әлемі» деп мақтанышпен айтатындарға қарағанда біз БҰҰ жарғысына сүйене, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, республиканың ішкі істеріне араласпаймыз», - делінген құзырлы ведомство жауабында.
Ресей СІМ Мәскеудің «қазақстандық биліктің әртүрлі деңгейдегі пайым-түйгенін, ішкі саясатта «ұлттық картаны» қолдану қауіпті, өйткені жағдай оп-оңай бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін айқын түсінетінін де» жеткізді.
Сондай-ақ СІМ РФ мен Қазақстан достық пен сенімнен тұратын көп жылдық тарих байланыстыратын жақын көршілес мемлекеттер екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда қарым-қатынас стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейінде қалыптасуы кездейсоқтық емес. Сондықтан Ресей мен Қазақстан билігі ортақ өзекті мәселелер шешімінде өзара тығыз әрекет етуі қалыпты жағдай», - делінеді жауапта.