Желдің екпіні 18 м/с-ке дейін жетуі ықтимал
Синоптиктер, 1 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, 1 ақпанда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі деп күтілуде.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының шығысында да тұман күтіледі. Облыста шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 18 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Сол сияқты Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-3 ақпан аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі.