Ол әйелін ұрып-соғып азаптаған
Қарағандыда жүкті әйелін ұрып-соғып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады.
«Қарағандыда судья Гүлнәр Дегенова әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен Төлеген Тамабековке үкім кесті. Ол осы қылмысы үшін 1,5 жыл және алдыңғы қылмысы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан 1 жыл 4 ай мерзімін қайта өтейтін болды», - деп жазды Дина Таңсәрі.
Бұған дейін Қарағандыда әйелін ұрып-соққан және өзге ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен азаматқа қатысты ақпарат жазғанбыз.
Әйеліне аса айуандық танытқан қарағандылық жігіт небәрі 1,5 жылға сотталды.