×

Министрлік оқушыны итеріп жіберген мұғалімге қатысты түсінік берді

Аталған факті бойынша тиісті шара қабылдады

 Халық үні 31.01.2023 | 19:37
фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту министрлігі Астанада мұғалімнің 8 жасар оқушыны итеріп жіберген әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Аталған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Астанада болған жағдай бізге белгілі. Біздің министрлік әлеуметтік желілердегі білім беруге қатысты қоғам назарын аудартқан мәселелерді шешуде ашық жұмыс форматын жалғастырады. Аталған факті бойынша қалалық Білім беру басқармасы тиісті шара қабылдады.Мұғалімдердің мәртебесін қорғау біздің басты назарда, ол заңмен қарастырылған.

Әрине, балалардың құқығын қорғау да зор маңызға ие. Біздегі бар ақпарат бойынша Білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс жариялады», - деді Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова ОКҚ-де өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, осы секілді оқиғалар қайталанбауы мақсатында елорданың білім беру басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама