Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының және кубогының ойын күнтізбесін жариялады.
Биыл Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатына 14 команда сынға түседі. Олардың қатарында «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент), «Каспий» (Ақтау), «Тобыл» (Қостанай), «Ақсу» (Павлодар облысы), «Қайрат» (Алматы), «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Окжетпес» (Көкшетау) командалары бар.
Алғашқы турда 4-5 наурыз күндері «Жетісу» мен «Ақтөбе», «Астана» мен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Каспий», «Тобыл» мен «Ақсу», «Қайрат» пен «Атырау», «Қайсар» мен «Кызылжар», «Мақтарал» мен «Окжетпес» командалары кездеседі.
Соңғы тур 28-29 қазан күндері өтеді.
Қазақстан кубогының финалы 4 қарашаға белгіленген.
Суперкубоктың ойыны «Астана Арена» стадионында 25 ақпан күні болады. Онда өткен жылы ел чемпионы атанған «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері Шымкенттің «Ордабасы» клубы кездеседі.