Halyq Uni логотип
×

БҒМ Алматы қаласы әкімдігіне қосымша өкілеттіктер бермек

2023 жылы Алматыда үш бірдей оқушылар үйінің құрылысын салу жоспарланып отыр

 Айнұр Шошаева 24.03.2022 | 09:44
БҒМ Алматы қаласы әкімдігіне қосымша өкілеттіктер бермек
Алматыдағы Оқушылар сарайы, фото: gov.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласындағы Оқушылар сарайы толық жаңғыртылып қана қоймай, сонымен бірге ол жерде заманауи екі инновациялық шығармашылық орталығы пайдалануға беріледі. Келесі жылы ескі ғимараттар бұзылып, үш бірдей оқушылар үйінің құрылысын салу жоспарланып отыр. Қазір жобалау жұмыстары басталып кетті.

Атап айтқанда, мектептердің спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жас туристер мен натуралистер (табиғаттанушы) станциялары жаңартылады. Мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылуда.

«Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады», - деп жазды министр.

Министрліктің нормативтік актілерәнде арнайы шарттар мен құзыреттер қарастырылады. Сондай-ақ қаланың білім беру ұйымдары БҒМ-ның негізгі инновациялық алаңдарына айналады. Ал әкімдік өз тарапынан барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдауға міндеттеме алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама