АҚШ гипер дыбысты зымыранды сынақтан сәтті өткізді
Әуе реактивті ракета алға қойған мақсатты орындап шықты
АҚШ әскерилері гипер дыбысты зымыранды сынақтан сәтті өткізді.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыран өз міндетін орындады. Lockheed Martin зымыранының әуе реактивті гипер дыбыстық қозғалтқышы бар нұсқасы алға қойған мақсатты орындап шықты, – делінген хабарламада.
Бұл гипер дыбысты әуе реактивті қару (HAWC) жобасының соңғы сынағы болған. Оны АҚШ әуе күштері мен Қорғаныс министрлігінің Жетілдірілген зерттеу жобалары агенттігі (DAPRA) жүргізген.
Сынақ барысында зымыран 60 мың фут (18,3 км) биіктікте 5 Мах (6125 км/с) жылдамдығын көрсетіп, 300 теңіз милі (555,6 км) қашықтығын бағындырғаны айтылады хабарламада.