Көшпенділердің ұрпақтары өз қалаларын жөнді сақтай алмайды деген жағымсыз пікірді мүлде жоққа шығаруымыз керек
Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарының тұрмыстық мәдениетіне жеке тоқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астананың тазалығы ең алдымен оның тұрғындарына байланысты. Зәулім үйлердің ішіндегі және сыртындағы жағдай мәз емес. Шындығын айтсақ, тұрғындар тәртіпті жиі бұзады, қоқысты қалай болса солай лақтыра береді. Жастар көшеде жүргенде мәдениетсіз қылықтарға жол береді. Сондықтан мен мына мәселеге арнайы назар аударғым келеді. Елордамызды және басқа негізгі қалаларымызды дұрыс қалпында сақтау – ұлттық намысымызға қатысты аса маңызды мәселе. Көшпенділердің ұрпақтары өз қалаларын жөнді сақтай алмайды деген жағымсыз пікірді мүлде жоққа шығаруымыз керек! - деді президент.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырған еді.