Halyq Uni логотип
×

Астанада 200 үй тұруға жарамсыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Елордада берілуге тиіс жаңа баспана 70 пайыз азайған

 Динара Амантай 31.01.2023 | 16:30
Астанада 200 үй тұруға жарамсыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Halyq Uni

Астанада 360-тан аса үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент соңғы кезде ескі және апатты жағдайда тұрған үйлерді сүріп тастауға қатысты жұмыстың тоқтап қалғанына назар аударды.

Оның орнына берілетін жаңа баспана саны 70 пайызға азайып кетті. Қазір Астанадағы 200 үй тұруға жарамсыз. Қаланың Асан Қайғы көшесін жаңарту бағдарламасы бар. Бірақ 5 жылдың ішінде осы көшедегі ескі үйлердің небәрі 14 пайызы ғана бұзылған. Жұрт ғимараттардың тығыз салынып жатқанына наразы. Құрылысы тоқтап тұрған үйлер әлі де бар. Үлескерлердің шағымы да көп. Кейбір тұрғын үйлерге орталықтан жылу беру мәселесі шешілмеген. Соның кесірінен адамдар дайын тұрған баспанасына көше алмай отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы 360-тан аса үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Осыған байланысты оларды жаңғырту жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама