Halyq Uni логотип
×

Президент LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды

Елорданың көлік жүйесін дамытуға арналған арнайы бағдарлама әзірленеді

 Дәурен Ерболат 31.01.2023 | 16:23
Президент LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімдігіне LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдымен президент Астанадағы қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесіне тоқталды.

Мен қала ішінде адам көп жүретін бағыттарды анықтап, автобустың жиі қатынауын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма бердім. Бірақ тұрғындар әлі күнге дейін аялдамада жарты сағат бойы тұруға мәжбүр. Тіпті, кейде жолаушылар автобусқа сыймай жатады.

Қазір Астанаға 400-ден аса автобус жетіспейді. Алдағы 5 жылда бұл тапшылық 2 есе артуы мүмкін. 400 аялдамада автобус тоқтайтын арнайы орын қарастырылмаған. Ал 300 аялдамада жабық павильон жоқ. Бұл мәселе, әсіресе, қыс кезінде өте өзекті» , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында.

Сондай-ақ ол әкімдікке LRT құрылысы тездетіп аяқтауды тапсырды

LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазір басқа амалымыз жоқ. Бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал балама жобалар жоқ. Жалпы әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама