Пәкістандағы жарылысты жергілікті тәліптер жасаған
Олар өз мүшелерінің бірінің қазасы үшін кек алған көрінеді
Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылысты тәліптер мойнына алды.
Қарулы топ өз мүшелерінің бірінің қазасына орай кек алу мақсатында шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Айта кетсек, жарылыстан қаза тапқандар саны 61 адамға жетіп, 157 адам жараланған. Ал бомба іске қосылғанда мешітте 260 адам болған. Зардап шеккендердің көбі – полиция қызметкері.
Оқыс оқиға болған мешіт полицияның штаб-пәтері мен терроризммен күрес бөлімшесіне жақын орналасқан. Ал лаңкестің жарылғыш затты намаз оқу кезінде іске қосқаны белгілі болды.