×

Ресеймен шекаралас ауылдар бос қалмайды – министр

Даму әлеуеті төмен ауылдарға да назар аударылады

 Дәурен Ерболат 31.01.2023 | 13:31
Фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы шағын ауылдар республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырыла беретінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айуынша, елімізде Ресеймен шекаралас ауылдар көп. Олар «Ауыл – ел белгісі» бағдарламасынан қаржыландырылмаса да қаңырап бос қалмайды.

Даму әлеуеті жоғары ауылдар бар, онда ауыл халқының 90%-ы тұрады. Бұл – 7 млн адам. Даму әлеуеті төмен ауылдарға да назар аударылады. Бірақ «Ауыл – ел белгісі» бағдарламасынан емес, басқа бағдарламалар есебінен, - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан соң.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда шекара маңында орналасқан қанша ауыл бар екені айтылған еді.

Сондай-ақ халық саны 50-ге жетпейтін ауылдардың басым бөлігі солтүстік өңірлерде орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама