Halyq Uni логотип
×

Енді ЖШС-ны телефон арқылы тіркеуге болады

Қызмет Қазақстан резидентінен тұратын жалғыз қатысушысы бар ЖШС үшін қолжетімді

 Динара Амантай 31.01.2023 | 13:00
Енді ЖШС-ны телефон арқылы тіркеуге болады
Фото: Halyq Uni

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар жиынтығы шеңберінде жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Енді қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы ЖШС-ны тез арада тіркеуге мүмкіндік алды.

Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, ол үшін Bereke Bank-тің B-Business мобильдік қосымшасын жүктеп алып, биометрия көмегімен авторизациялау және «ЖШС тіркеу» қызметін таңдау қажет. Қызмет Қазақстан резидентінен тұратын жалғыз қатысушысы бар ЖШС үшін қолжетімді. Әрі қарай заңды тұлғаның атауын, құрылтайшының аты-жөнін, бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерін, салым сомасын, ЖШС құру туралы шешімнің деректемелерін, жылжымайтын мүлік туралы деректерді, қызмет түрін және т. б. ақпараттар көрсетеді.

Барлық қажетті жолақтарды толтырғаннан кейін тұтынушы өтінішке қол қояды және кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы бірден хабарлама алады. Ол автоматты түрде мемлекеттік кірістер және статистика органдарына жіберіледі. Сондай-ақ Bereke bank-тен шот ашылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама