Пәкістанда жол апатынан 40 адам қаза тапты
Автобус тас жолда бұрылыс кезінде көпір тірегіне соғылып, арыққа сырғып кетіп, өртенген
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының Расбелла ауданында жол апатынан 40 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, автобус тас жолда бұрылыс кезінде көпір тірегіне соғылып, арыққа сырғып кетіп, өртенген.
Белуджистанның орталығы Кветтадан Карачиге бағыт алған автобуста 45-ке жуық жолаушы болған. Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберген.
Жаралылар жергілікті ауруханаға, марқұмдардың денесі оңтүстіктегі Карачи портына жеткізілген.