Астанада ер адам полицейге пара ұсынған (ВИДЕО)
Ол ақшаны алдыңғы орындықтардың арасына қыстырған
Астанада полицейге пара беру әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы Сейфуллин көшесінде оқылмайтын нөмірге байланысты Toyota Estima көлігін тоқтатқан. 30 жастағы жүргізуші қызметтік көліктің салонында болған кезде жауапқа тартылмау үшін алдыңғы орындықтардың арасына 10 мың теңге салған.
Қызметтік борышын атқара отырып, полиция қызметкері ақшадан бас тартқан, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің басшылығына және ӨҚБ-ға хабарлаған.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргзіліп жатыр.