×

Халық көтерген мәселелерді шешу үшін 485 млрд теңге керек – министр

Бұл қаржының 52,3%-ы бөлінген

 Дәурен Ерболат 31.01.2023 | 10:47
фото: Halyq Uni

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың екінші жартыжылдығындағы әкімдердің халықпен кездесуіне қатысты баяндама жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр осы уақытта әкімдердің халықпен 19,8 мыңға жуық кездесуі өткен.

Олардың барысында тұрғындар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу, экологияның жайы, жолдарды жөндеу, жер мәселелері және тағы басқа сұрақтар бойынша 33,4 мыңнан аса мәселе көтеріп, өз ұсыныстарын айтты. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 33,1 мың мәселенің шешімін тапты.

Халық көтерген мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджеттен 485 млрд теңге қажет. Керек қаржының 253,8 млрд теңгесі немесе 52,3%-ы бөлінді», - деді Әлібек Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама