×

Астанада жаңадан құрылған ауданның 19 336 гектар шекарасы бекітілді

Әкімдік штаты қала мәслихатының жаңа құрамы құрылғаннан кейін айқындалады

 Еркеғали Болатұлы 31.01.2023 | 09:29
фото: ашық дереккөз

Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының шекарасы бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 336 гектарды құрайтын ауданның жалпы аумағы төмендегідей:

  • Есіл өзені бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін;
  • одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы және Қарқаралы тасжолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін.

Еске сала кетсек, жаңа ауданға Нұра атауын беру ұсынысы Астана қаласы ономастика комиссиясының отырысында, жергілікті мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында, қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында және өзге де инстанцияларда қаралып, қолдау тапқан болатын.

Аудан әкімі, аудан әкімдігі қызметкерлерінің штат саны, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа да ұйымдастыру жұмыстары қала мәслихатының жаңа құрамы құрылғаннан кейін айқындалатын болады. Яғни, қазір қалада төрт аудан бар, бесіншісі құрылып жатыр, - делінген әкімдік мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама