Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан адамдардың статистикасын жариялады.
30 қаңтарда 46 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Одан бір күн бұрын вирусты 22 адам жұқтырып, ауруханаға түскен еді. Ал бүгінгі, яғни 31 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 598 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Қазір коронавирусқа шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы қиын, бір пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.