×

«Талдықорғанда 15 жастағы қызбен жалаңаш отырып, ішімдік ішкен жігіт тергеуге алынды»: полиция мәлімдеме жасады

 Халық үні 31.01.2023 | 07:33
Фото: ҚР ІІМ

Әлеуметтік желілерде карта ойнап отырған белгісіз жігіт пен жалаңаш жас қыздың фотосы тарады. Үстел үстінде спирттік ішімдік тұр. 

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, қыздың жасы небәрі 15-те. Ал жігіт 25 жаста екен. @egov.press Telegram-каналының жазуынша, фото Талдықорған қаласында түсірілген. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған, бірақ кейін іс тоқтатылған.

Ішкі істер министрлігі желіде тараған фотоға қатысты пікір білдірді. Суреттегі қыз расымен де кәмелет жасына толмаған болып шықты. Қыздан анасы мен психологтың қатысуымен түсініктеме алынған. Фото өткен жылдың жазында түсірілген. 25 жастағы жігіт полицияға жеткізіліп, жауап алынған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 133-бабы «Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген ІІМ Telegram-каналындағы мәліметте.

Сонымен қатар полицейлер кәмелет жасына толмаған баланың анасының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама