Көлік қас-қағым сәтте көлік 7 адамды қағып кетті
Ақтөбеде қарда жүретін көлік қаққан бес адам ауруханада жатыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Дәрігерлер жансақтау бөліміндегі 16 жастағы қыздың жағдайына алаңдаулы. Жасөспірімнің жамбасы сынып, өкпесі зақымданған. Одан өзге тағы үш бала мен ересек адам басынан жараланып, сүйектері сыныпты. Ал көлікті тізгіндеген 9-сынып оқушысы тергеліп жатыр.
Көлік қас-қағым сәтте көлік 7 адамды қағып кетті. 40 жастағы әйел сол жерде тілге келмей көз жұмған. Ал 49 жастағы ер адам және бес бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
«Қайғылы оқиға тап осы жерде болған. Қазір бұл жерді жинастырып ретке келтіріп қойған. Десе де қарда жүретін көліктің бөлшектері әлі жатыр»», - дейді тілші Бақыт Рахметова.
Жәбірленушілер ауруханада. Оның біреуі 1,5 жаста. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді. Ал 16 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр, ол жаңсақтау бөлімінде жатыр.
«Үш науқас травматология бөлімінде жатыр. Балалардың жалпы жағдайы тұрақты. Бас ми жарақатын алған. Толық емді алып жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы жағдайы қыздың, тұрақты ауыр. Жамбасы сынған. Бас ми жарақатын алған», - дейді облыстық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов.
Қарда жүретін көлікті 9-сынып оқушысы тізгіндеген. Көлік жасөспірімнің ағасына тиесілі болып шықты. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеп- тексеру амалдары жүріп жатыр.
«Қарда жүретін көлік баланың туысына тиесілі екені анықталды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР ҚК-тің 345 бабы үшінші бөлімімен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалы жүргізіп жатыр», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ақтөбеде қысқы демалысқа арналған осындай 21 демалыс орны бар. Оларда қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталатыны туралы ақпарат жоқ.