Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 32 адам қаза тапты
Террорист жарылғыш затты мешітке көп адам жиналған кезде жарған
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешітте үлкен жарылыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Пешавар қаласының әкімшілігі жарылысты террорист-жанкешті жасады деп мәлімдеді.
Reuters-тің мәліметіне қарағанда, террорист жарылғыш затты мешітке көп адам жиналған кезде жарған.
Жарылғыш зат мешітте 147 адам, оның ішінде жақын маңдағы полиция бөлімшелерінен намаз оқуға келген көптеген полиция қызметкері болған кезде жарылған, - делінген ақпаратта.
Дерекке қарағанда, қазірдің өзінде 32 адам қаза тауып, 80-нен астамы жараланған. Қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Шабуылды әзірге ешкім мойнына алмады.