Halyq Uni логотип
×

УЕФА әлем чемпионатының іріктеу турнирінің форматын өзгертті

Енді іріктеу кезеңінде 4 немесе 5 командадан тұратын 12 топ болады

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2023 | 17:23
УЕФА әлем чемпионатының іріктеу турнирінің форматын өзгертті
фото: ашық дереккөз

Еуропада Еуропа мен әлем чемпионатына іріктеу турнирінің форматы өзгереді.

УЕФА атқару комитеті турнирлердің іріктеу кезеңдеріне өзгерістер енгізді. Енді іріктеу кезеңінде 4 немесе 5 командадан тұратын 12 топ болады. 

Бірінші орын алған ұлттық құрамалар әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған командалар да автоматты түрде әлем чемпионатына жолдама алады немесе Ұлттар лигасына қатысу арқылы ЕУРО-ға жолдама алатын командалармен бірге плей-оффқа қатысады.

Бұл өзгерістер 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін, яғни 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен бастап енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама