Украинада өткен тәулікте тағы 650 ресейлік қаза тапты
Қазір Ресей әскері жеке құрамының 126 160 жауынгері оққа ұшқан
Украина Қарулы күштері өткен тәулікте 650 ресейлік сарбазды жойып, жаудың бірнеше техникасын қиратты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы отан қорғаушылардың бұған қоса 8 танк пен 22 бронды машинаны тас-талқан еткенін хабарлады.
Қазір Ресей басқыншылары жеке құрамынан 126 160 жауынгерінің қаза тапқаны белгілі болып отыр.
Қорғаныс күштері 28 қаңтардың өнбойында басқыншылардың Донецк және Луганск облыстары аумағында 16 елді мекенге жасаған шабуылдарын қайтарды.
Біздің мемлекетіміздің сындарлы инфрақұрылымдарын жою ниетінен қайтпаған жау бейбіт тұрғындардың азаматтық нысандары мен баспаналарына соққы беруді тоқтататын емес. Ресей оккупанттары өткен тәулікте 1 ракета және 32 авиация соққыларын беріп, РСЗО-дан 65 реттен аса атқылады. Соның ішінде Донецк және Херсон облыстарының азаматтық инфрақұрылымдарына шабуыл жасады, – делінген хабарламада.
Луганск облысының Юбилейное кентіндегі №15 көпбейінді ауруханаға жарақат алып қалған 300 «вагнерлік» жалдамалы жеткізілді. Алайда жергілікті дәрігерлер оларға көмек көрсетуден бас тартты. Бұған олардың басым көпшілігінің ЖИТС-пен (СПИД-пен), сифилиспен, туберкулезбен және пневмониямен ауыратындары басты себеп болыпты.
Бұдан бұрын Донецк облысы жеріндегі соғыста әбден тұралап, шаршаған «Вагнер» жалдамалыларын Ресей армиясы әскери қызметкерлерінің алмастыратыны хабарланған болатын.