×

1 аптада қанша шетелдік көлік заңдастырылды?

Автокөлікті заңдастыру құны – 200 мың теңге көлемінде

 Дәурен Ерболат 30.01.2023 | 11:46
Фото: РИА Новости

27 қаңтардан бастап Қазақстанда 5,5 мың шетелдік автокөлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде 28 мың қазақстандықтың шетелдік көлігін рәсімдеу туралы өтінімі мақұлданған.

5,5 мың автокөлік иесі тиісті құжаты мен нөмірін алды.

Шетелдік көлікті заңдастыру үшін мамандырылған ХҚКО мен электронды үкімет порталынан басқа, Halyk Homebank қосымшасында өтінім беруге болады.

Еске салайық, бұған дейін президент 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді.

Биыл шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан бастап қолға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама