×

Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирін жеңіп алды

Ол финалда словакиялық Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2023 | 11:42
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өткен ITF Juniors турнирінде 14 жастағы отандасымыз Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жеңімпаз атанды.

Ол финалда жергілікті теннисші Даниэл Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты.

Жас теннисші былтырғы жылды Tennis Europe рейтингінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастап келеді. Өткен жылдың желтоқсанынан бері Заңғар Нұрланұлы жоғары санатқа ауысып, қазір ITF Juniors турнирлеріне қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама