×

Иранның дрон шығаратын зауыттары шабуылға ұшырады

Елдің бірнеше қаласында жарылыс болды

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2023 | 11:16
фото: ашық дереккөз

Иранның бірнеше қаласы жойқын ракеталық шабуылға ұшырады. Елдің Тегеран, Исфахан, Махабад, Тебриз, Хамадан, Хой, Гарах пен Кередж қалаларында жарылыс болды.

Әуелі Махабад қаласындағы Ислам революциясы сақшылар корпусының штаб-пәтері отқа оранды. Одан кейін Сириямен шекарада жарылыс болды. Сонымен бірге, ракетамен соққылар елдің астанасы Тегеран қаласын да айналып өтпеді. Тегеран мен Хамадан қаласында жойқын жарылыстан жарық өшіп, интернеттің жұмысы баяулаған.

Тебризде дрон шығаратын зауытқа, Маллардтағы қару-жарақ қоймасы мен Исфахандағы оқ-дәрі шығаратын зауытқа соққы жасалды. Исфахан қаласында дрондар мен зымырандар шығаратын зауыт қана емес, ядролық нысан да орналасқан.

Жалпы, бүгін түнде Иранның 5 әскери нысаны шабуылға ұшырады. Сол кезде Иранның мұнай өңдеу зауытындағы алапат өрттің видеосы жарияланды.

Al Arabiya телеарнасы Израиль Иранда арнайы операция бастады деп хабарлады. Қазір Израиль армиясы мен полициясы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама