Қытайда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Халық үні

Ұшақ бортында 133 адам болған

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қытайдың оңтүстік аумағында 133 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ бортында қазақстандық жолаушылар болмаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ, - делінген СІМ хабарламасында.

Бортында 133 адам болған China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы Гуанси-Чжуан аумағында (Қытай) Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 132 адам – 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Әзірге ұшақ апатынан нақты қанша адамның зардап шеккені айтылған жоқ.