Оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатовтың айтуынша, 19 жастағы жігіт Samsung ұялы телефонын ұрлаған.
Оны күдікті ер адамның күртесінің қалтасынан алды. Осылайша, 40 мың теңге материалдық шығын келтірді. Күдікті аялдамалар мен қоғамдық көліктердегі қарбалас кезде ұрлық жасап жүрген. Ол қоғамдық көліктің басынан соңына дейін жолаушылардың қалтасын тексерген, - деді полиция басшысы.
Бүгінде бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сондай-ақ жігіттің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Қуатбек Науатов.