×

Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы атанды

Теннисші бірден 25-орыннан ондыққа кірді

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2023 | 10:29
фото: ашық дереккөз

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады.

Осы тізімде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін 25-орыннан бірден 10-орынға шықты. Ол алғаш рет Қазақстанның спорт тарихында үздік ондыққа кірді.

Бұған дейін Қазақстан теннисшілерінен ешкім ондыққа кіріп көрген емес.

Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.

Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:

  • 10 (+15). Елена Рыбакина – 2815
  • 44 (+3). Юлия Путинцева – 1114
  • 449 (+34). Жібек Құламбаева – 102
  • 506 (+79). Гөзал Айнитдинова – 82
  • 543 (-73). Анна Данилина – 70
  • 1182 (0). Аружан Сағындықова – 7

Серіктес жаңалықтары

Сараптама