×

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Ол Жапонияда тағылымдамадан өткен

 Дәурен Ерболат 30.01.2023 | 10:22
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры Сәрсенбек Монтаев әлемдегі ең беделді ғалымдардың рейтингіне енді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметінше, әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін Стэнфорд университетінің сарапшылары жасады.

Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық ақпарат – ғалымдардың мансабындағы барлық дәйексөз алынады.

Бүгінде Сәрсенбек Монтаев БҚАТУ-да жұмыс істеп жүр. Ол университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Ғалым құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлері топырағының құрылымдық-механикалық қасиетін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып саналады.

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Айта кетейік, бұған дейін «Болашақ» түлектерінің әлемдегі үздік ғалымдардың қатарына енгені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама