Halyq Uni логотип
×

ИИДМ басшысы Астананың бірнеше кәсіпорнын тексерді

Ол бас қаладағы 2-Жылу электр орталығына да аялдады

 Динара Амантай 30.01.2023 | 09:45
ИИДМ басшысы Астананың бірнеше кәсіпорнын тексерді
Фото: gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге бас шаһардағы бірнеше кәсіпорынды аралап, қызметімен танысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы елордадағы респираторлар шығаратын зауытта, модульдік үй құрылысымен айналысатын ModeX өндіріс орнында, сондай-ақ арнайы техниканы шығаратын кәсіпорын мен витраж, терезе өнімдері, медициналық жабдықтар, кеңсе жиһаздары және металл құрылымдарын дайындайтын зауытта болып, өндіріс қарқынын бағамдап қайтты.

Сонымен қатар, Марат Қарабаев бас қаладағы 2-Жылу электр орталығына да аялдап, астанадағы кәріз-тазарту жүйелерінің жұмысын тексерді.

Бұл ретте Астанадағы 2-Кәріз-тазарту жүйесінің құрылысын биыл қолға алып, 3 жылдың ішінде іске асыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты министрлік өкілдері әкімдікпен бірлесіп, аталған нысанды жедел салу үшін өзекті мәселелерді талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама