30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады
Синоптиктер 30 қаңтарға арналған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Бүгін елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсерімен аздаған қар жауады.
Батысқа, солтүстік-батысқа, оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа тұман түседі.
Айта кетейік, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалған еді.