Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында көлік апатынан кісі өлімі болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік апаты 29 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында болған. Мотоцикл мен КамАз көлігі соқтығысып, оқиға орнында мотоцикл тізгіндеген жүргізуші қаза болды. Жүк көлігі блок артып келе жатқан, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.