Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен баласын пышақтады - іс сотқа жіберілді

Жүкті әйел мен жеткіншек жеңіл дене жарақаттарын алған

 Халық үні 29.01.2023 | 21:43
Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен баласын пышақтады - іс сотқа жіберілді
фото: Halyq Uni

Оқиға Ақтөбе облысының Жаңақоныс кентінде өткен жылдың қазан айында болған, деп хабарлайды «Мой город» порталы. 

Мектеп директорының ісі сотқа жіберілді. 37 жастағы ер адам жұбайымен жанжалдасып, әйелі мен 8 жастағы өгей қызына пышақ салған. Директордың жұбайы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Жүкті әйел мен жеткіншек жеңіл дене жарақаттарын алған.

Отбасының проблемасын пышақпен шешпек болған директор мектепте басшы болғанына 6 ай болған. Оған дейін аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеді.

«Ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүкті әйел мен кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр», - деді сол кезде прокурор.

Келесі күні іс сотқа жіберілді, алдын-ала тыңдау екінші ақпанға тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама