×

Астаналық 14 жастағы теннисші Австралиядағы турнирдің финалына жетті

Финалға жету үшін қаншама көп күш жұмсадым, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 29.01.2023 | 14:50
фото: olympic.kz

Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды. Есеп – 7:6, 4:6, 2:6.

Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін қаншама көп күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл – мұндай беделді турнирдегі бірінші финал. Тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын, - дейді жас спортшы.

Айта кетсек, Альбина Какенова – Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі. «Дәулет» теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады.

Жалпы, өткен жылы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Азия рейтингінде Қазақстан маусымды 1-орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама