×

Ақтаудың іргесінде бірнеше иттің өлексесі жайрап жатыр (ВИДЕО)

Жануарларды қорғаушылар мәселеге облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің назар аударуын сұрады

 Еркеғали Болатұлы 29.01.2023 | 12:35
фото: видеодан скриншот

Ақтауда жануарлар құқығын қорғаушылар бұралқы иттердің өлексесін видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, иттер жақында Мұнайлы ауданында атылған. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Мен залалсыздандыруға бөлінген ақша өз мақсатына жұмсалмай, шенеуніктердің қалтасына түседі деп есептеймін. Мүлде ештеңе жасалмайды. Тек үнемі адамдарды алдайды, - дейді жануарлар құқығын қорғаушы Татьяна Ткач.

Бұл ретте ол 2011, 2015, 2020, 2022 жылдары жергілікті биліктің Ақтауда жануарларға арналған крематорий сатып алғанын айтты. Бірақ әлі күнге дейін олардың жұмыс істеп тұрғанын ешкім көрмеген.

Енді жануарларды қорғаушылар осы мәселеге облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің назар аударуын сұрап отыр.

Олар өртенбейді, жерленбейді. Олар шіріп, түрлі инфекцияны таратсын деп қала сыртына лақтырылады. Шынымды айтсам, бұл – барып тұрған тәртіпсіздік.

Егер жануарлардың өлексесін тастай алмаса, онда олардан не талап ете аламыз?! Адамгершілікке жатпайтын қатыгездік шектен тыс шығып бара жатыр», - дейді жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама