Шымбұлақта мейрамхана өртеніп кетті (ВИДЕО)
Өрт техникасына арналған кірме жолдар жоқ
Бүгін таңертең Алматыда Шымбұлақ тау курортындағы Oblaka restobar мейрамханасының жанында өрт болды. Оны сөндіру үшін суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісі іске қосылған.
ТЖД-ға өрт туралы хабар таңғы сағат 05:30-да түскен.
Сағат 08.05-те өрт оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге жеке құрамның 13 адамы жұмылдырылды, – деді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.
Үш қабатты мейрамханадағы өрт көлемі – 800 шаршы метр (теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте).
Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру ішкі өртке қарсы крандар арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ Комби-2 аспалы жолының жұмысы тоқтатылып, өрт жойылғанға дейін Талғар тас жолдары да жабылды.